Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның есептілік тiзбесiн, нысандарын, ұсыну мерзiмдерiн және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 222 Қаулысы
(2023.01.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2025 жылғы 25 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығымен енгізілген төтенше жағдай кезеңінде есептіліктің жекелеген түрлерін ұсыну мерзімдерін ұзарту туралы, ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 31 наурыздағы № 42 Қаулысын қараңыз
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2023.22.05. № 35 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 13 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы екінші бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2021.20.12. № 112 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2023.22.05. № 35 Қаулысымен (2023 ж. 13 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара, 2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның есептілік тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жеке және заңды тұлғаларға берілген микрокредиттер бойынша активтерді сыныптау туралы есептің нысаны;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес берілген микрокредиттер бойынша шартты міндеттемелерді сыныптау туралы есептің нысаны;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыру нәтижелері туралы есептің нысаны;