Бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, мұнай еріткішіне, жеңіл көмірсутектер қоспасына және экологиялық отынға арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 5 желтоқсандағы № 1049 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 537-бабы 6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, мұнай еріткішіне, жеңіл көмірсутектер қоспасына және экологиялық отынға арналған акциздер мөлшерлемелері бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін, бірақ ерте дегенде 2026 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 1049 қаулысымен
бекітілген
Бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға,
мұнай еріткішіне, жеңіл көмірсутектер қоспасына және экологиялық отынға арналған акциздер
мөлшерлемелері
| | | 1 тоннаға арналған акциздер мөлшерлемелері (теңгемен) |
| бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2710 12 411 0 -2710 12590 0) | дизель отыны (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2710 19 421 0 - 2710 19 425 0) | газохол, бензанол, мұнай еріткіші, жеңіл көмірсутектер қоспасы және экологиялық отын (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2710 12 900 9, 2906 21 000 0, 2710 12 250 9, 2710 12 900 8, 2710 12) |
| | | | |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| 1. | Өндірушілердің өздері өндірген бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутектер қоспасын және экологиялық отынды көтерме саудада өткізуі | 38 134 | 35 726 | 38 134 |
| 2. | Жеке және заңды тұлғалардың бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутектер қоспасын және экологиялық отынды көтерме саудада өткізуі | 0 | 0 | 0 |