«Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2023 жылға арналған өңірлік квотасын облыстар арасында бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 543 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2023 жылғы 17 қарашадағы № 478 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2023 жылға арналған өңірлік квотасын облыстар арасында бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 543 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2023 жылға арналған өңірлік квотасын облыстар арасында бөлу осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті осы бұйрық күшіне енген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде: