Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тұрғын үй комиссиялары қызметінің және ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 110/қе бұйрығы
(2026.01.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2026 ж. 12 шілдеге дейін қолданылған редакция
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2025.14.10. № 94/нс бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 31 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2025.14.10. № 94/нс бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 31 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 77-бабы 4-тармағының екінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2025.14.10. № 94/нс бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 31 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тұрғын үй комиссиялары қызметінің және ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.