Ақтөбе облысының әлеуметтік маңызы бар қатынастар тізбесін айқындау туралы
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2019 жылғы 19 маусымдағы № 431 шешімі
(2024.06.01. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2025 ж. 10 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2023.13.12. № 83 шешімімен атауы өзгертілді (2024 ж. 6 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2023.13.12. № 83 шешімімен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 6 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 54-бабының 1-тармағының 10) тармақшасына, «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2023.13.12. № 83 шешімімен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 6 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Ақтөбе облысының әлеуметтік маңызы бар қатынастар тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы | Б. Беркімбаев |
| Облыстық мәслихаттың хатшысы | С. Қалдығұлова |