Орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 9 қарашадағы № 17-02/566 бұйрығы
(2024.27.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2025 ж. 15 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 13-бабының 1-тармағының 18-11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (Е. Н. Нысанбаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2012 жылғы 9 қарашадағы
№ 17-02/566 бұйрығымен
бекітілген
Орман орналастыруды жүргізу
нұсқаулығы
1 Бөлім. Далалық жұмыстар
1. Жалпы қағидалар
Параграф 1. Орман орналастырудың мақсаттары мен міндеттері
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2017.30.01. № 43 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығы (бұдан әрі - Нұсқаулық) 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің (бұдан әрі - Орман кодексі) 13-бабы 1-тармағының 18-11) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/163 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11387 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік орман қоры аумағында орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын, ормандардың мемлекеттік мониторингін және орман орналастыруды жүргізу қағидаларына сәйкес әзірленді.