«Жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 440 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2024 жылғы 20 тамыздағы № 707 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 440 бұйрығына (Нормативтік құқтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33000 болып тіркелген), келесі өзгеріс енгізілсін:
2-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Әділет министрі | А. Ескараев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2024 жылғы 20 тамыздағы
№ 707 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің
2023 жылғы 30 маусымдағы
№ 440 бұйрығына 2 қосымша
Н-2 нысан
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ құрылымдық бөлімшесінің атауы
Жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспорты
| 1. Облысы | _____________________________________________________________________ |
| 2. Ауданы | _____________________________________________________________________ |
| 3. Қала (кенті, елді мекені) | _____________________________________________________________________ |
| 4. Қаладағы аудан | _____________________________________________________________________ |