Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметі қызметкерлерінің өкілдік керек-жарағы туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 11-1-4/291 бұйрығы
Осы редакция 2025 жылғы 27 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 214-13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметі қызметкерлерінің өкілдік керек-жарағы туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Валюта-қаржы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрі | М. Нұртілеу |
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер Министрі
2023 жылғы 12 маусымдағы
№ 11-1-4/291 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі қызметкерлерінің өкілдік керек-жарағы туралы
ереже
1-тарау. Жалпы ережелер