Өсімдіктерді қорғау бойынша мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 15-02/607 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 шілдедегі № 533 бірлескен бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 15-05/1135 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 821 бірлескен бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2001 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы, 1-тармағы, 2) тармақшасына және 15-бабы 1-тармағына және «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес өсімдіктерді қорғау бойынша мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағының нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі | А. Мамытбеков |
| Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі | Е. Досаев |
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының