Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы
Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2025 жылғы 7 ақпандағы № 33-176-VIII шешiмi
Осы редакция 2025 жылғы 25 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56 бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Шардара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімге 1-қосымшаға сәйкес, әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімге 2-қосымшаға сәйкес, Шардара аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудандық мәслихат төрағасы | Б. Муталиев |
«КЕЛІСІЛДІ»
«Түркістан облысының жұмыспен
қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармас» мемлекеттік мекемесі
Түркістан облысы
Шардара аудандық мәслихатының
2025 жылғы 7 ақпандағы
№ 33-176-VIII шешіміне 1-қосымша
Әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер