«Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 517 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10666 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Жаңа объектілерді және (немесе) қолданыстағы объектілерді өзгертуді (реконструкциялауды, кеңейтуді, жаңғыртуды, техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыруды, қалпына келтіруді, күрделі жөндеуді) қоса алғанда, жобаланған объектінің жауапкершілік деңгейін төменде көрсетілген параметрлер бойынша тапсырыс беруші айқындайды:
1) жауапкершілігі I (жоғары) деңгейдегі объектілер:
өнеркәсіп объектілері, өндірістік ғимараттар, құрылыстар:
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 70-бабында белгіленген белгілері бар қауіпті өндірістік объектілер және «Қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 353 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10310 болып тіркелген) сәйкес, солай деп сәйкестендірілетін объектілер;