2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Атырау облыстық мәслихатының 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 497-VI шешімі
Осы редакция 2021 жылғы 15 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 8-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1 тармағы 1) тармақшасына сәйкес және облыс әкімдігімен ұсынылған 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасын қарап, VІ шақырылған Атырау облыстық мәслихаты XLIX сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет тиiсiнше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның iшiнде 2021 жылға келесідей көлемдерде бекiтiлсiн:
1) кірістер - 448 785 790 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 143 326 026 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 1 631 564 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
трансферттер түсімдері - 303 828 200 мың теңге;
2) шығындар - 450 463 501 мың теңге;
3) таза бюджеттік несиелендіру - -2 496 259 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік несиелер - 8 073 091 мың теңге;
бюджеттік несиелерді өтеу - 10 569 350 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 818 548 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - -818 548 мың теңге:
қарыздар түсімі - 15 311 619 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 16 130 167 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0 теңге.
2. Атырау қаласы мен аудандар бюджеттеріне жалпы мемлекеттік салықтар түсімінің жалпы сома нормативі 2021 жылға келесідей көлемдерде бекітілсін:
корпоративтік табыс салығы бойынша:
Құрманғазы, Индер, Исатай, Қызылқоға, Мақат, Махамбет, Жылыой аудандарына және Атырау қаласына - 30%; меншікті облыстық бюджетке - 100%;
төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы: