Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРІНІҢ М.А. 2013.21.08 № 279 БҰЙРЫҒЫ

Информация о документе
Датасреда, 21 августа 2013
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениясреда, 21 августа 2013

Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы есептердің нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2013 жылғы 21 тамыздағы № 279 бұйрығы

 

Осы редакция 2015 жылғы 30 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

 «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 5 және 6-тармақтарына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес адвокат көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы адвокат есебінің нысаны;

2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес адвокаттар мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсеткені туралы адвокаттар алқасының жиынтық есебінің нысаны бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі Д.Р. Құсдәулетовке және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасы Б.Ш. Әбішевке жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министрдің

міндетін атқарушы

 

Д. Құсдәулетов

 

«Келісілді»

Қазақстан Республикасы

Статистика агенттігінің

төрағасы

А. Смайылов __________

2013 жылғы 21 тамыз

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2013 жылғы 21 тамыздағы

№ 279 бұйрығына

1-қосымша

 

Нысан

 

 

Нысан адвокаттың мемлекет кепілдік берген заң көмегін
көрсеткені туралы есебіне арналған

 

Кезеңділігі: ай сайын

Ұсынатын: адвокат

Нысан қайда ұсынылады: өзі мүшесі болып табылатын адвокаттар алқасының төралқасына.

Тапсыру мерзімі: ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-і күніне қарай.

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом