Введите номер документа
Прайс-лист

«Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 бұйрығы (2024.22.12. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датавторник, 14 апреля 2015
Статус
Действующийвведен в действие с 16 июня 2015
Дата последнего изменениявоскресенье, 22 декабря 2024

Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 бұйрығы

(2024.22.12. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2017.24.04. № 172 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2017.24.04. № 172 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2024.09.12. № 394 бұйрығымен (2024 ж. 22 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 92-бабы 4-тармағының 3) тармақшасына және «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2017.24.04. № 172 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасы бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

А. Мамытбеков

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом