Су қоймаларының су ресурстарын пайдаланудың үлгілік қағидаларын және су қоймаларын техникалық пайдалану мен аббаттандыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 30 маусымдағы № 163-НҚ бұйрығы
Қазақстан Республикасының Су кодексі 129-бабының 10-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Су қоймаларының су ресурстарын пайдалану жөніндегі үлгілік қағидалар;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Су қоймаларын техникалық пайдалану және абаттандыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашалығы имараттарын дамыту департаменті заңда белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі | Н. Нуржигитов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрі
2025 жылғы 30 маусымдағы
№ 163-НҚ бұйрығына
1-қосымша
Су қоймаларының су ресурстарын пайдалану жөніндегі үлгілік қағидалар
1. Осы Су қоймаларының су ресурстарын пайдалану жөніндегі үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 129-бабы 10-тармағына сәйкес әзірленді және су қоймаларының су ресурстарын пайдаланудың тәртібін айқындайды.
2. Үлгілік қағидалар мыналар пайдалануға арналған: