Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы субъектілерге қатысты тексеру жүргізу кезіндегі сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 19 қарашадағы № 807 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 26 қарашадағы № 81 бірлескен бұйрығы
(2023.01.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2024 жылғы 26 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023.27.02. № 127 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2023.01.03. № 29 бірлескен бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141 және 143-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023.27.02. № 127 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2023.01.03. № 29 бірлескен бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы субъектілерге қатысты тексеру жүргізу кезіндегі сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тапсырыс берушіге (құрылыс салушыға) қатысты тексеру парағы;
3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобалаушы ұйымына (бас жобалаушы) қатысты тексеру парағы;
4) осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мердігерге (бас мердігерге) қатысты тексеру парағы;