Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне жоспардан тыс аттестаттау өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2025 жылғы 4 наурыздағы № 39 бұйрығы
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-2-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне жоспардан тыс аттестаттау өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық департаменттерінің басшылары осы бұйрықты жеке құрамның зерделеуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызмет)
Төрағасының 2025 жылғы
2025 жылғы 4 наурыздағы
№ 39 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
органдарының қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдары (бұдан әрі - Агенттік) қызметкерлеріне жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу қағидалары «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-2-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдары қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу тәртібін, кезеңдері мен мерзімдерін айқындайды.
2. Жоспардан тыс аттестаттау қызметкерді жоғары тұрған басшылық лауазымға ұсыну мәселесін шешу үшін жүргізіледі.
2-тарау. Жоспардан тыс аттестаттау өткізу тәртібі, кезеңдері мен мерзімдері