«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім бағдарламасын іске асыру жөніндегі негізгі білім беру ұйымдарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 195 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы № 26 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім бағдарламасын іске асыру жөніндегі негізгі білім беру ұйымдарын айқындау туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 195 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын іске асыру жөніндегі негізгі білім беру ұйымдары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2021 жылғы 18 қаңтардағы
№ 26 бұйрығына
1-қосымша
«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын іске асыру
жөніндегі негізгі білім беру ұйымдары
1. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 29 «Аққайың» балабақшасы» МКҚК;
2. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 7 «Аққу» балабақшасы» МКҚК;
3. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 59 «Аққанат» балабақшасы» МКҚК;
4. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 22 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК;
5. Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» МКҚК;
6. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы «№ 7 «Арман» мектепке дейінгі гимназиясы» ММ;
7. Ақтөбе облысы білім басқармасының «Ақтөбе көлік, телекоммуникация және жаңа технологиялар колледжі» МҚКК;
8. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы «№ 39 «Достық» мектепке дейінгі ұйымы» МҚКК;