Жолдаманың үлгілік нысанын, сондай-ақ оны беру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/145 бұйрығы
(2024.03.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2024 жылғы 22 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жолдаманың үлгілік нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жолдаманы беру қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министрдің міндетін атқарушы | С. Омаров |
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023.18.04. № 127 бұйрығымен (2023 ж. 5 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.15.01. № 6 бұйрығымен (2024 ж. 2 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.17.04. № 81 бұйрығыменмен (2024 ж. 3 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-қосымша жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрдің
міндетін атқарушы
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 18-03/145 бұйрығына
1-қосымша
Үлгілік нысан
(типовая форма)
Аң аулауға арналған жолдаманың үлгiлік нысаны
Типовая форма путевки для осуществления охоты
Жолдаманың алдыңғы беті (лицевая сторона путевки)