«Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 593 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 588-бапты 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерінде мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5446 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, 2009 жыл № 3) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дербес шоттарды жүргізу ережелерін осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) белгіленген заңнамаға сәйкес қамтылсын:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» құқықтық-ақпараттық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін;
3) Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсінде орналастырылсын.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрі | Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігінің
2014 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 593 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2008 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 622 бұйрығымен
бекітілген
Дербес шоттарды жүргізу
ережелері