Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 113-НҚ бұйрығы
Осы редакция 2026 жылғы 17 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 14-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер құнын белгілеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару және бюджет саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің жетекшілік ететін Вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі | Н. Нуржигитов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрі
2025 жылғы 9 маусымдағы
№ 113-НҚ бұйрығымен бекітілген
Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы, Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 14-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және зерттеулердің, консалтингтік қызметтердің құнын белгілеу тәртібін айқындайды.
2-тарау. Зерттеулердің, консалтингтік қызметтердің құнын белгілеу тәртібі