Қазақстан Республикасының 2035 жылға дейінгі энергетикалық теңгерімін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № 104 бұйрығы
Осы редакция 2023 жылғы 30 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында айтылған Қазақстан Республикасының 2035 жылға дейінгі энергетикалық теңгерімін әзірлеу жөніндегі 2021 жылғы 26 қаңтардағы № 21-01-7.1 тапсырмасын іске асыру үшін БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар бекітілсін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесі электр энергиясының 2035 жылға дейінгі болжамды теңгерімі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесі қуатының 2035 жылға дейінгі болжамды теңгерімі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті:
1) осы бұйрықты мемлекеттік органдардың, облыс әкімдіктерінің және тиісті энергетикалық кәсіпорындардың назарына жеткізсін;
2) осы бұйрықты бекітілген күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының жетекшілік ететін энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2022 жылғы 14 қаңтардағы
№ 104 бұйрығына
1-қосымша
Республикасының БЭЖ электр энергиясының болжамды теңгерімі
млрд. кВт *с
| № | Аты | есеп | Болжам |
| 2021 ж. | 2022 ж. | 2023 ж. | 2024 ж. | 2025 ж. | 2026 ж. | 2027 ж. | 2028 ж. | 2029 ж. | 2030 ж. | 2031 ж. | 2032 ж. | 2033 ж. | 2034 ж. | 2035 ж. |
| 1. | Электр энергиясын тұтыну | 115,1 | 119,7 | 123,2 | 125,8 | 129,7 | 131,9 | 134,5 | 136,9 | 138,9 | 141,2 | 143,5 | 145,5 | 148,2 | 150,2 | 152,9 |
| | | | | | | | | | | | | | | | | |
| 2. | Электр энергиясын өндіру | 113,8 | 114,9 | 121,9 | 125,8 | 129,7 | 131,9 | 134,5 | 136,9 | 138,9 | 141,2 | 143,5 | 145,5 | 148,2 | 150,2 | 152,9 |
| | АЭС | | - | - | - | - | - | - | - | - | - | - | 8,6 | 9,0 | 9,0 | 18,1 |