«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің көмірсутектер мен газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 380 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 8 сәуірдегі № 111 бұйрығы
ҚР Энергетика министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 139 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің көмірсутектер мен газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 380 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11604 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi - газ желісі ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлік (бұдан әрі - куәлік), қайта ресімделген куәлік, рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - АЖ) арқылы Газ желісі ұйымдарының тізіліміне (бұдан әрі - Тізілім) мәліметтерді енгізу, немесе уәкілетті лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған уәжді түрде бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.»;
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оларды орындау ұзақтығы:
куәлікті беру немесе қайта ресімдеу кезінде, рұқсат беру талаптарына сәйкес келетін қосымша газ толтыру станциясы газ желісі ұйымының есептік деректеріне енгізілген жағдайда: