Кедендік декларациялаудың, тауарлар санатының, Қазақстан Республикасында жүргізілетін тауарлардың сыртқы электрондық саудасы саласындағы экспериментті іске асырушы өңірдің және электрондық сауда тауарларына қатысты техникалық регламенттерді сақтаудың хабарламалық тәртібін қолдану ерекшеліктерін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 4 шілдедегі № 739 бұйрығы
Осы редакция 2024 жылғы 6 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 2-бабы 2-тармағының 14-1) және 14-2) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Кедендік декларациялаудың, тауарлар санатының, Қазақстан Республикасында жүргізілетін тауарлардың сыртқы электрондық саудасы саласындағы экспериментті іске асырушы өңірдің және электрондық сауда тауарларына қатысты техникалық регламенттерді сақтаудың хабарламалық тәртібін қолдану ерекшеліктері айқындалсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін қолданыста болады.
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі | Е. Жамаубаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
2023 жылғы 4 шілдедегі
№ 739 бұйрығымен
бекітілген