Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Формулярлық комиссиясының құрамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 263 бұйрығы
Осы редакция 2022 жылғы 21 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 6 сәуірдегі № ҚР ДСМ-28 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22513 болып тіркелген) бекітілген Формулярлық жүйе қызметін жүзеге асыру қағидаларының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Формулярлық комиссиясының құрамы бекітілсін.
2. Мынадай:
1) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Формулярлық комиссиясының құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қаңтардағы № 21;
2) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Формулярлық комиссиясының құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қаңтардағы № 21 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Формулярлық комиссиясының құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 503 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 9 қазандағы № 651 бұйрығының күшін жою туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 883 бұйрықтарының күші жойылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Ж.Қ. Бүркітбаевқа жүктелсін.