Абай облысының елді мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту туралы
Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 15 қарашадағы № 9/65-VIIІ шешімі
(2025.26.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2026 жылғы 31 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4-3) тармақшасына, «Өсімдіктер дүниесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің «Елді мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 23 ақпандағы № 62 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31996 болып тіркелген) сәйкес, Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:
1. Абай облысының елді мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Абай облысы мәслихатының төрағасы | К. Сулейменов |
Абай облысы мәслихатының
2023 жылғы 15 қарашадағы
№ № 9/65-VIII шешімнің
қосымшасы
Абай облысының елді мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Абай облысының елді мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің «Елді мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 23 ақпандағы № 62 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31996 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленген.