Өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған жеке сот орындаушысының ағымдағы шотынан ақшаны беру немесе аудару, сондай-ақ өндіріп алынған ақшаны өзге сот орындаушыларындағы атқарушылық іс жүргізулер бойынша бөлу және олардың қызметіне ақы төлеуге арналған ақшаны бөлу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 11 тамыздағы № 774 бұйрығы
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 108 және 109-1-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған жеке сот орындаушысының ағымдағы шотынан ақшаны беру немесе аудару, сондай-ақ өндіріп алынған ақшаны өзге сот орындаушыларындағы атқарушылық іс жүргізулер бойынша бөлу және олардың қызметіне ақы төлеуге арналған ақшаны бөлу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
| Қазақстан Республикасы Әділет министрі | Е. Сарсембаев |
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2026 жылғы 11 тамыздағы
№ 774 бұйрығымен
бекітілген
Өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған жеке сот орындаушысының ағымдағы шотынан ақшаны беру немесе аудару, сондай-ақ өндіріп алынған ақшаны өзге сот орындаушыларындағы атқарушылық іс жүргізулер бойынша бөлу және олардың қызметіне ақы төлеуге арналған ақшаны бөлу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер