Қаржы ұйымы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін бекітілуі туралы хабардар ететін қаржы өнімдерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 136 Қаулысы
Осы редакция 2019 жылғы 23 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы, «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қаржы ұйымы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін бекітілуі туралы хабардар ететін қаржы өнімдерінің тізбесі бекітілсін.
2. «Қаржы ұйымдарының қаржылық қызметтерді тұтынушыларға ұсынуы үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісімі талап етілетін қаржы өнімдерінің тізбесін (түрлерін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 202 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9898 тіркелген, 2014 жылғы 11 желтоқсанда «Заң газеті» газетінде № 187 (2755) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына: