Ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қалыптастыру, пайдалану және оларды есептен шығару қағидалары мен нормативін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 5 қазандағы № 290 бұйрығы
Осы редакция 2024 жылғы 24 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 26) тармақшасына және 28-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қалыптастыру, пайдалану және оларды есептен шығару қағидалары мен нормативі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі | Е. Карашукеев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2021 жылғы 5 қазандағы
№ 290 бұйрығымен
бекітілген
Ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қалыптастыру, пайдалану және оларды есептен шығару
қағидалары мен нормативі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қалыптастыру, пайдалану және оларды есептен шығару қағидалары мен нормативі (бұдан әрі - Қағидалар) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 8-бабы 26) тармақшасына және 28-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді және ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қалыптастыру, пайдалану және оларды есептен шығару тәртібі мен нормативін айқындайды.