«Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын орындау және аяқтау сатыларында олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру туралы ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 600 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 7 сәуірдегі № 172 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын орындау және аяқтау сатыларында олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру туралы ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 600 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35566 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын орындау және аяқтау сатыларында олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру туралы ережеде:
1-тармақта:
1-тармағының төртінші - жетінші абзацтары 2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) мониторинг актісі - мониторингті жүзеге асыру қорытындылары бойынша мониторинг тобы қалыптастыратын, оның ішінде сол жерге бара отырып, мониторинг тобының бағаларын, ұсынымдары мен қорытындыларын қағаз жеткізгіште және (немесе) осы Ережеге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысанға сәйкес ұйымдастырушының автоматтандырылған цифрлық жүйесі арқылы қамтитын құжат;»;
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: