Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ОБЛЫСТАРДЫҢ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛАЛАРДЫҢ ЖӘ...

Информация о документе
Датапятница, 20 января 2023
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 20 января 2023

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының үлгілік регламенті мен Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының өтініштерді қарауды бақылау бөлімдері туралы үлгілік ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 560 Қаулысы

(2023.20.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2023 жылғы 15 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мыналар:

1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының үлгілік регламенті (бұдан әрі - Үлгілік регламент);

2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының өтініштерді қарауды бақылау бөлімдері туралы үлгілік ереже (бұдан әрі - Үлгілік ереже) бекітілсін.

2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары осы қаулы қабылданғаннан кейін бір ай ішінде:

1) Үлгілік регламентке сәйкес әкімдер аппараттарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін әзірлесін және бекітсін;

2) әкімдер аппараттарының өтініштерді қарауды бақылау бөлімдері туралы ережелерін заңнамада белгіленген тәртіппен Үлгілік ережеге сәйкес келтірсін;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Премьер-Министрі

 

А. Мамин

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2020 жылғы 8 қыркүйектегі

 № 560 қаулысына

1-қосымша

 

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом