Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды беретін комиссия қызметінің қағидаларын және құрамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығы
Осы редакция 2015 жылғы 20 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 84-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды беретін комиссия қызметінің қағидалары және құрамы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (3. Оразалиева):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 16 қаңтардағы
№ 13 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат
беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды беретін комиссия қызметінің
қағидалары және құрамы