Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және (немесе) онымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша тағайындалатын лауазымдарды қоспағанда, прокурорлар мен өзге де қызметкерлерді лауазымдарға тағайындау және лауазымдардан босату қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 8 ақпандағы № 56 бұйрығы
«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 9-бабының 15), 22) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және (немесе) онымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша тағайындалатын лауазымдарды қоспағанда, прокурорларды және өзге де қызметкерлерді лауазымға тағайындау және лауазымдардан босату қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрлық дамыту департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін;
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрларды дамыту департаментіне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры | Б. Асылов |
Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
2023 жылғы 8 ақпандағы
№ 56 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және (немесе) онымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша тағайындалатын лауазымдарды қоспағанда, прокурорлар мен өзге де қызметкерлерді лауазымдарға тағайындау және лауазымдардан босату
ҚАҒИДАЛАРЫ
1-тарау. Жалпы ережелер