Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 172 бұйрығы
Осы редакция 2023 жылғы 12 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаменті осы бұйрық қол қойылғаннан кейін оны он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастырсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің жетекшілік ететін вице-министрлеріне және аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі | С. Нұрбек |
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрінің
2023 жылғы 20 сәуірдегі
№ 172 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің
2023-2027 жылдарға арналған даму жоспары
1-бөлім. Миссиясы мен пайымы
Миссиясы: білім беру және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, мемлекеттік тілді және қазақстандықтардың лигвистикалық капиталын дамыту бойынша мемлекеттік саясатты әзірлеу және тиімді іске асыру.
Пайымы: Қазақстан экономикасын дамуының негізгі драйвері ретінде тиімді жұмыс істейтін және әлемдік ғылыми-білім беру кеңістігіне интеграцияланған білім беру мен ғылымның озық жүйесі.
2-бөлім. Стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысының құрылысы
| 2.1. Елдің нысаналы индикаторлары және көрсеткіштері «Қазақстан-2050» стратегиясы, Жалпыұлттық басымдықтар |