Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылға арналған стипендиясын жоғары оқу орындары бойынша бөлу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 26 шілдедегі № 217 бұйрығы
«Қазақстан Республикасы Президентiнiң стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1134 қаулысының 4-тармағына сәйкес, Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 13712 болып тіркелген, «Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылға арналған стипендиясын бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 269 бұйрығын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылға арналған стипендиясын жоғары оқу орындары бойынша бөлу бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Білім, ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Д. Болатханұлы) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде төлнұсқасына толық сәйкес келетін оның графикалық форматтағы көшірмелерін «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жолдауды;