Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТ...

Информация о документе
Датасреда, 31 октября 2018
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениясреда, 31 октября 2018

Осы редакция 2020 жылғы 5 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2018 жылғы 31 қазандағы

№ 604 бұйрығына

4-қосымша

 

 

Жалпы орта білім берудің мемлекеттік
жалпыға міндетті стандарты

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі - стандарт) 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабы, 5-1) тармақшасына және 56-бабына сәйкес әзірленді және білім берудің мазмұнына, оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне, білім алушылардың дайындық деңгейіне және оқу мерзіміне қойылатын талаптарды айқындайды.

2. Стандартта Заңға сәйкес терминдер мен анықтамалар қолданылады. Оларға қосымша мынадай терминдер мен олардың анықтамалары енгізілді:

1) бағалау - білім алушылардың оқуда нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудан күтілетін нәтижелермен әзірленген критерийлер негізінде салыстыру процесі;

2) бағалау критерийлері - білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатын нақты өлшеуіштер;

3) білім алушыларды қорытынды аттестаттау - тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;

4) білім берудегі құндылықтар - білім алушының тұлғасын қалыптастырудағы жетекші фактор болып табылатын жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген оқыту мақсаттарының жүйесін қалыптастырудағы бағдарлар;

5) ерекше білім беру қажеттіліктері - денсаулығына байланысты білім алуда ұдайы немесе уақытша қиындық көріп жүрген, арнайы, жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен қосымша білімнің білім беру бағдарламаларына мұқтаж балалардың қажеттіліктері;

6) жалпы орта білім берудің базалық мазмұны - типіне, түріне және меншік нысанына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан, білім беру ұйымдарында оқып білуге міндетті жалпы орта білім беру мазмұнының құрамы, құрылымы мен көлемі;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом