«Халыққа және азаматтық қорғау саласындағы мамандарға хабар беру, білімді насихаттау, оқыту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 381 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 14 қарашадағы № 1057 бұйрығы
ҚР Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 шілдедегі № 494 бұйрығымен күші жойылды
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Халыққа және азаматтық қорғау саласындағы мамандарға хабар беру, білімді насихаттау, оқыту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 381 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11134 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 19 маусымда, «Егемен Қазақстан» газетінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 113 (28591) санында жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халыққа және азаматтық қорғау саласындағы мамандарға хабар беру, білімді насихаттау, оқыту қағидаларындағы:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Іс-қимыл дағдыларын пысықтау және алған білімдерін бекіту үшін халық және азаматтық қорғау саласындағы мамандар осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес азаматтық қорғау саласындағы оқу-жаттығу, жаттығу мен сабақ түрлеріне сәйкес оқу-жаттығулар мен машықтануларға және сабақтарға тартылады»;
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.Р. Беккер) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;