Автомобиль көлігі құралдарының салмағын өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 1 маусымдағы № 402 бұйрығы
«Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 13-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Автомобиль көлігі құралдарының салмағын өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі | М. Карабаев |
Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2023 жылғы 1 маусымдағы
№ 402 бұйрыққа
қосымша
Автомобиль көлігі құралдарының салмағын өлшеу
станцияларының жұмысын ұйымдастыру
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Автомобиль көлігі құралдарының салмағын өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 13-2) тармақшасына сәйкес әзірленді.