«Ішкі аудит қызметтері туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 599 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 16 маусымдағы № 404 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ішкі аудит қызметтері туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 599 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12544 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі аудит қызметтері туралы үлгілік ережесі (бұдан әрі - Үлгілік ереже) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты оның ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының қаржы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
2026 жылғы 12 шілдеден бастап:
Үлгілік ереженің 13-тармағы 14) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда қолданылады:
«14) цифрлық жүйелердің деректерін талдауды:»;
Үлгілік ереженің 14-тармағының 1) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін: