Астықты сақтау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 4-1/573 бұйрығы
(2026.29.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Астықты сақтау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2026.11.06. № 228 бұйрығымен алып тасталды (2026 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Е. Досаев
2015 жылғы 3 шілде
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 26 маусымдағы
№ 4-1/573 бұйрығымен
бекітілген
Астықты сақтау қағидалары
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019.30.05. № 219 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Астықты сақтау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленген және астық қабылдау кәсіпорындарының астық сақтау қоймаларында (элеваторларында, астық қабылдау пункттерiнде) астықты сақтау тәртiбiн айқындайды.