Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 23 шілдедегі № 370 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 35 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14765 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларында:
10-тармақ орыс тілінде жаңа редакцияда енгізілсін, қазақ тілінде өзгеріссіз.
60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«60. Қаржы агенті ай сайын ҚТҚЖБ-ға, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес өткізілген жобалар туралы мәліметтерді жібереді.»;
осы Қағиданың 1 - қосымшасы осы бұйрыққа 1 - қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда енгізілсін.
осы Қағиданың 5 - қосымшасы осы бұйрыққа 2- қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда орыс тілінде өзгерістер енгізілсін, қазақ тілінде өзгеріссіз.
2. «Ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялау қағидаларын және квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілетін қызметтерінің құнын есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 34 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14764 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялау қағидаларында: