Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 6 наурыздағы № 190 бұйрығы
Осы редакция 2017 жылғы 18 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабы 1-тармағының 70-8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса береліп отырған Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.В. Петров) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 6 наурыздағы
№ 190 бұйрығымен бекітілген
Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және азаматтық қорғаудың аумақтық-салалық қағидаттарына сәйкес азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.