Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы
(2022.15.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 жылғы 13 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Республиканың дене шынықтыру және спорт саласын дамыту, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімді моделін қалыптастыру үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі үш ай мерзімде Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - Жоспар) әзірлесін және бекітсін.
3. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар Жоспарды іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Президенті | Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2015 жылғы қаңтардың 11-і.
№ 168
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2016 жылғы 11 қаңтардағы
№ 168 Жарлығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Мазмұны
1. Кіріспе
2. 2025 жылға дейін Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың жалпы пайымы
3. 2025 жылға дейін Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың жалпы тәсілдері мен негізгі қағидаттары
4. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттары
5. Іске асыру кезеңі және күтілетін нәтижелер, нысаналы индикаторлар
6. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру көзделетін нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
ҚР Президентінің 2017.23.11. № 585 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2019.10.09. № 151 Жарлығымен (бұр.ред.қара) бөлім өзгертілді
1. Кіріспе