Байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалау және байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу лимитін айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 115 бұйрығы
(2024.26.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2024 жылғы 22 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2022.24.11. № 87 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2022 ж. 10 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 148-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалау және байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу лимитін айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі | Е. Досаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Сәрінжіпов
2015 жылғы 20 ақпан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
Т. Дүйсенова
2015 жылғы 20 ақпан
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 20 ақпандағы
№ 115 бұйрығымен бекітілген