Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 сәуірдегі № 379 Қаулысы
(2015.24.11. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 25 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | С. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2013 жылғы 19 сәуірдегі
№ 379 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2015.24.11. № 941 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. «Импорттаушылардың (түпкі пайдаланушылардың) кепілдік міндеттемелерін ресімдеу және олардың орындалуын тексеру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 наурыздағы № 244 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 14, 129-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Импорттаушылардың (түпкі пайдаланушылардың) кепілдік міндеттемелерін ресімдеу және олардың орындалуын тексеру ережесінде:
4, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кепілдік міндеттемені (түпкі пайдаланушының сертификатын) алу үшін импорттаушы мынадай құжаттарды:
1) өтінішті;
2) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес импорттаушының (түпкі пайдаланушының) кепілдік міндеттемесін;
3) сәйкестендіру үшін түпнұсқаны бере отырып, экспорттаушымен тиісті мәмілені растайтын құжаттың көшірмесін;
4) егер өтініш беруші ретінде делдал болса, сәйкестендіру үшін түпнұсқаны бере отырып, импорттаушы мен түпкі пайдаланушы арасындағы шарттың (келісімшарттың) көшірмесін тапсырады;
Кепілдік міндеттемені (түпкі пайдаланушының сертификатын) алғаннан кейін келісімшартқа өзгерістер немесе толықтырулар енгізілген жағдайда, импорттаушы 5 жұмыс күні ішінде уәкілетті органды бұл туралы жазбаша хабардар етеді.»;