Шоттардың бірыңғай жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2023 жылғы 15 қарашадағы № 1195 бұйрығы
Осы редакция 2025 жылғы 8 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 116-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Шоттардың бірыңғай жоспары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмелерін мемлекеттік және орыс тілінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
| Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушы | Д. Темірбеков |
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
міндетін атқарушының
2023 жылғы 15 қарашадағы
№ 1195 бұйрығымен бекітілген
Шоттардың бірыңғай жоспары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы шоттардың бірыңғай жоспары (бұдан әрі - ШБЖ) мемлекеттік, экономикалық және қаржылық қызметті қамтуды көздейтін бухгалтерлік және бюджеттік есеп шоттарын, бірыңғай бюджеттік сыныптаманы кодификациялау болып табылады.