Маңғыстау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы № 17/212 «Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 14 сәуірдегі № 2/13 шешімі
Маңғыстау облыстық мәслихат ШЕШТІ:
1. Маңғыстау облыстық мәслихатының «Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» 2018 жылғы 20 наурыздағы № 17/212 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде № 3567 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген «Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі», осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыстық мәслихат төрағасы | Ж. Матаев |
Маңғыстау облыстық мәслихатының
2022 жылғы 14 сәуірдегі
№ 2/13 шешіміне
Қосымша
Маңғыстау облыстық
мәслихатының
2018 жылғы 20
наурыздағы 17/212 шешімімен
бекітілген
«Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін
бағалаудың әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі-Әдістеме) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 33-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленген және «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың тәртібін айқындайды.
2. Осы Әдістемеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) жоғары тұрған басшы - бағаланатын қызметшінің тікелей басшысы оған тікелей бағынысты болатын адам;