Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 28 шілдедегі № 202 «Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 9 қарашадағы № 238 Қаулысы
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 28 шілдедегі № 202 «Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3437 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген қаулының 1, 2-қосымшалары осы қаулының 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.А. Сактагановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Шығыс Қазақстан облысы әкімінің міндетін атқарушы | Б. Байахметов |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2023 жылғы 9қарашадағы
№ 238 қаулысына
қосымша
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2014 жылғы 28 шілдедегі
№ 202 қаулысына
1-қосымша
Шығыс Қазақстан облысы аумағында жатаған у кекіремен (қызғылт, Acroptilon repens DC.) зақымданған алқаптар көлемінде карантин режимі енгізілген карантин аймағы