«Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі №52/04 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қарағанды облысының әкімдігінің 2019 жылғы 12 сәуірдегі № 22/01 Қаулысы
Қарағанды облысының әкімдігінің 2020 жылғы 24 шілдедегі № 47/02 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі заңдарына, «Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 495 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 14 қаңтардағы № 6 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18204 болып тіркелген) сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 52/04 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3453 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 28 қазанында, «Индустриальная Караганда» 2015 жылдың 31 қазанында № 153-154 (21904-21905) және «Орталық Қазақстан» газеттерінде 2015 жылдың 31 қазанында № 177-178 (22 062) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру», мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
5-тармақтың 4)-тармақшасы келесі редакцияда жазылсын: