2025 - 2027 жылдарға арналған Жаңаөзен қаласының бюджеті туралы
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы № 23/189 шешімі
(2025.12.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2025 ж. 15 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2025.12.03. № 25/204 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. 2025 - 2027 жылдарға арналған Жаңаөзен қаласының бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3 қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2025 жылға келесідей көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 22 114 327,8 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 19 389 904,8 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 99 173,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 1 306 060,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша - 1 319 190,0 мың теңге;
2) шығындар -22 012 590,6 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 78 087,0 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 117 960,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 39 873,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 800 000 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 800 000 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 776 349,8 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 776 349,8 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімдері - 117 960,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 38 670,0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 697 059,8 мың теңге.
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2025.12.03. № 25/204 шешімімен 2-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)